"Ислам мемлекетінің" содырлары командирлеріне арналған бес жұлдызды қонақ үй ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекетінің" содырлары командирлеріне арналған бес жұлдызды қонақ үй ашты ©REUTERS

"Ислам мемлекетінің" cодырлары командирлеріне арнап Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласынан бес жұлдызды қонақ үй ашты, - деп хабарлайды РИА Новости ирандық телеарнаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекетінің" cодырлары командирлеріне арнап Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласынан бес жұлдызды қонақ үй ашты, - деп хабарлайды РИА Новости ирандық телеарнаға сілтеме жасап.

5 мамыр күні "Ислам мемлекетінің" содырлары командирлеріне арналып жөндеуден өткен бұрынғы Ninawa International Hotel қонақ үйінің суретін жариялады. Қонақ үй Мосул қаласы орналасқан Найнава провинциясын былтыр террорлық топ басып алған кезде жабылған болатын.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, қонақ үй қалаға көрші провинциялардан келетін ИМ командирлері үшін жасалған. 11 қабатты қонақ үй 262 бөлмеден тұрады. Сонымен қатар, қонақ үй аумағында теннис алаңы, бассейн мен мәрмәр еденді ресепшн бар. Қонақ үй маңында пальма ағаштары бар бақ орналасқан. "Ислам мемлекеті" өкілдері қонақ үйдің атын Waritheen қылып өзгертті.  Ол араб тілінен аударғанда "мұрагерлер" деген мағынаны білдіреді.

Айта кетейік, Ирак пен Сирияның көп бөлігін жаулап алған "Ислам мемлекеті" ұйымы 2014 жылдың басты проблемаларының бірі. Орталық барлау басқармасының мәліметі бойынша, 30 мың содырдан құралған ұйым аумағын үлкейту үшін күресіп жатыр. ИМ ұйымының негізгі көзі Ливия, Йемен, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен шығып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети