31 қаңтар 2015 21:53

Сауд Арабиясының жаңа королі азаматтарға 30 миллиард доллар таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд. ©Alriyadh.com Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд. ©Alriyadh.com

Өзінің таққа келуіне байланысты Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл СаудСалман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд өз корольдігінің азаматтарына сыйақы ретінде 110 миллиард риал (30 миллиард доллар) ақша таратып беруге және қарыздарды кешіруге бұйрық берді. Бұл туралы король Twitter желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Корольдің жарлығына сәйкес, мемлекеттік әрбір қызметкер, зейнеткер және оқушы екі айлық жалақы көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар, 500 мың адамның мемлекет алдындағы қарызы кешіріледі. 

Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд қамалып, еріксіз корольдік аумағында жүрген шетелдіктерге де аяушылық білдірді. Олардың барлығы да елден шығарылып, бұдан былай Сауд Арабиясына кіре алмайтын болады.  

79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд 23 қаңтарда қайтыс болған Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Саудтың орнына жетінші король болып, таққа отырды. Айта кетейік, Салман елде Twitter желісінде аккаунты бар жалғыз король.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети