20 тамыз 2023 10:22

"АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы өрт кезінде қаза тапқандардың толық тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

"АрселорМиттал Теміртау" 2023 жылғы 17 тамызда Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы қаза тапқан бес адамның аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"АрселорМиттал Теміртау" 2023 жылғы 17 тамызда Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы қаза тапқан бес адамның аты-жөнін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат кезінде "Қазақстан" шахтасында 227 қызметкер болған. 222 адам жерге көтеріліп, 5 адам опат болды.

Олар:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.

"Бұл апаттан мен қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге үлкен зиян келтірді. Қазір ешбір сөз жақындарынан айырылған отбасыларды жұбата алмайды. "АрселорМитталТеміртау" атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялай алмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір біздің бар ойымыз әріптестеріміздің отбасыларымен бірге және оларға қажетті қолдауды барынша көрсетеміз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети