ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2024 | 13:19
Голливуд актері екі қызымен бірге ұшақ апатынан қаза тапты
Голливуд актері Кристиан Оливер және оның 10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Голливуд актері Кристиан Оливер және оның 10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбі күні 51 жастағы актер қыздарымен бірге Бекия аралындағы әуежайдан Сент-Люсияға шағын бір моторлы ұшақпен ұшып шыққан. Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақау шығып, арал маңындағы мұхитқа құлаған.
Сент-Винсент пен Гренадин жағалауы күзеті құтқару операциясын бастады, бірақ нәтиже шықпады. Құтқарушылар судан төрт адамның, оның ішінде ұшқыш пен екі баласы бар америкалық жолаушының мәйітін шығарды. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Желіде ұшақ апатының видеосы пайда болды. Куәгер түсірген кадрлардан шағын ұшақтың "тұмсығымен" төмен құлдилап, қатты жылдамдықпен суға құлағанын көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также