08 мамыр 2024 14:38

Қонаевта итті көлікке байлап, жол бойымен сүйреген

Видеодан алынған кадр

Қонаевта бейтаныс біреу ит байланған көлікпен көшеде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаевта бейтаныс біреу ит байланған көлікпен көшеде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бейтаныс біреудің көлікте итті арқанмен сүйреп бара жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторы оқиғаның Қонаевта болғанын айтады.

Алматы облысының полицейлері жағдайға қатысты түсінік берді.

Реклама
Реклама

"Тәртіп бұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен бірге осындай фактілердің алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады полицейлер.

Полиция департаменті жазба авторына белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғысын білдірді.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram