18 желтоқсан 2023 | 09:12

Қызылорда қаласында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Фото: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде Қызылорда қаласында жаңа темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Құны 268,1 млн теңгені құрайтын Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірі енді ел игілігіне қызмет етпек. Салтанатты шараға барған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов барша қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шаһардағы жол инфрақұрылым саласының көкжиегі кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Реклама
Реклама

"Сыр өңірінде жыл көлемінде жаңа нысандардың іргетасы қаланып, көптеген ғимараттар халық игілігіне пайдалануға берілуде. Бүгін мінекей, тұрғындардың сұранысына сәйкес темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталып, Тәуелсіздік мерекесіне үлкен тарту болды. Сапалы жаяу жүргіншілер көпірін салған мердігер "Гүлнұр МК" ЖШС-на барша сырбойылықтар, оның ішінде Қызылорда қаласының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Баршаңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!", - деді облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды. Ал "Қызылжарма" каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі.

Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жол астынан өтетін автожол құрылысы басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынды

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram