27 сәуір 2024 09:46

Синоптиктер бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Алматы, Астана және тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 27 сәуірде Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, синоптиктер төрт облыс тұрғындарына жоғары өрт қаупі туралы ескертті.

"Маңғыстаудың басым бөлігінде, орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістанның солтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады", - деп хабарлады метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети