08 мамыр 2024 09:25

Теміртау маңындағы жол апатынан екі бала қаза тауып, 10 адам зардап шекті

Фото: Tengrinews.kz

Теміртау маңында болған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тауып, тағы 10 адам емдеу мекемелеріне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау маңында болған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тауып, тағы 10 адам емдеу мекемелеріне жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні сағат 17:56 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының Теміртау маңындағы ақылы бекет жанында болған. Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің ішінде 12 адам болған, оның екеуі – бала. Олар ауыр жарақат алған. Екі көліктен 10 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

"Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға тағы да шақырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram