18 қазан 2016 17:16

100 жастағы актриса Хабиба Елебекова қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабиба Елебекова Хабиба Елебекова

Қазақстанның еңбек сіңірген актрисасы Хабиба Елебекова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов растады. М.Әуезов атындағы театрдың актрисасы 16 шілдеде 100 жасқа толған болатын.


Қазақстанның еңбек сіңірген актрисасы Хабиба Елебекова қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов растады. М.Әуезов атындағы театрдың актрисасы 16 шілдеде 100 жасқа толған болатын.

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында қарапайым отбасында дүниеге кел­ген. Театр өнері майталмандарының бірі қазақтың басынан өткен небір нәубет жылдарды өз көзіммен көрген жандардың бірі.

Мұхтар Әуезовтің "Абай" драмасындағы Қаныкей бейнесін сексенге келген­ше сомдап, 55 жыл сахнадан түсір­меді. Сонымен қатар, Гогольдің "Ревизорындағы" Пошлепкина тәрізді жағымсыз кейіпкер ролін 37 жыл бойы көрерменге ұсынып, 95 жасында сахнамен қоштасты. Ол театр өнерінде 70 жылдан аса қызмет еткен.

Айта кетейік, әйгілі актриса қазақ театры тарихында ғасырлық мерейтойын тойлап отырған алғашқы адам болған. Әуезов театрының 90 жылдығы Елебекованың мерейтойымен тұспа-тұс келгендіктен дәстүрлі түрде өтетін "Театр көктемі" фестивалі Хабиба Елебекованың мерейтойына арналыпты. Сондай-ақ, Елебекова - белгілі әнші, өз жұбайы туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981жылы), “Ән-Аманат” (1989 жылы), “Қайран Жүсекем” (1998 жылы) кітаптарының авторы.

Осыған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети