26 маусым 2014 21:33

Аңызға айналған "Ла Скала" театрының труппасы Астанада өнер көрсетпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "Астана Опера" театрының баспасөз қызметінен алынды Фото "Астана Опера" театрының баспасөз қызметінен алынды

Бүкіл әлемге белгілі "Ла Скала" театрының балеттік труппасының жүзден аса өнерпазы маусымның 24-інен 25-іне қараған түні Астана қаласына ұшып келді. Бүгін олар қойылымның алғашқы дайындықтарын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ сайты. 


Бүкіл әлемге белгілі "Ла Скала" театрының балеттік труппасының жүзден аса өнерпазы маусымның 24-інен 25-іне қараған түні Астана қаласына ұшып келді. Бүгін олар қойылымның алғашқы дайындықтарын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ сайты. 

Театр ұжымы Астана күніне орай 30 маусым және 4 шілде күндері "Дон Кихот" балеттік қойылымын көрермен назарына ұсынбақ. Дайындықтың техникалық үрдісі толығымен дұрыс жүргізілуде. Қазір сахнаның декорациясы мен жарық беру мәселесі дайындалуда. Сонымен қатар,  "Астана Опера" оркестрімен бірлесе қойылатын қойылымның соңғы штрихтары пысықталуда.   

Итальялық әккі әртістердің жас театр сахнасынан өнер көрсетуі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД елдері үшін өте маңызды. 

Біз бұған дейін "Астана Опера" мен "Ла Скала" театрлары әріптестік меморандумына қол қоятынын хабарлаған болатынбыз. Ол кезде аңызға айналған итальялық театрдың жетекшісі Астана қаласына гастрольдік сапармен келген еді. Енді бұл екі театр арасын достық пен шығармашылық әріптестік жақындастыра түспек. Театр басшылары арнайы кездесу арқылы бұл жұмысты ұзақ мерзімге жалғастыруды жоспарлап отыр. Естеріңізге саламыз, 2014 жылдың мамыр айында итальялық "Ла Скала" театры мен астаналық театр бірлесіп, Дж. Пуччинидің "Тоска" операсын қойған еді. Енді күзде Дж. Вердидiң "Аида" операсы (қоюшы-режиссеры Франко Дзеффирелли) сахналанбақ. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети