21 наурыз 2015 15:23

"Армысың, Әз Наурыз!" мерекелік концерті "Астана Операда" өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Astanaopera.kz ©Astanaopera.kz

"Армысың, Әз Наурыз!" атты салтанатты шара "Астана Опера" театрында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Армысың, Әз Наурыз!" атты салтанатты шара "Астана Опера" театрында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Театрдың баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, 22 наурызда "Армысың, Әз Наурыз!" атты салтанатты шара көктемгі жаңару, қайта түлеу, достық пен бірлік мерекесіне орай "Астана Опера" театрының негізгі сахнасында өтеді. 

Баспасөз хабарламасында концертте қазақтың опера өнерінің бастауында тұрған композиторлардың шығармалары ұсынылатыны айтылған: Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абайы", Мұқан Төлебаевтің "Біржан-Сарасы", Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібегі", Сыдық Мұхамеджановтың "Айсұлуы", Еркеғали Рахмадиевтің "Қамар Сұлуы". "Мұнымен қатар, бағдарламада көп ұлтты еліміздегі қауымдардың мәдениетін паш ететін, әлемдік музыкалық классика мен композицияның жауһарлары бар", - делінген хабарламада.

Салтанатты кештің ажарын “Астана Опера” театрының тамаша солисттері, балет жұлдыздары, симфониялық оркестрінің дарынды музыканттары мен қуатты хоры ашады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети