Елордада қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі өтіп жатыр © Astana.gov.kz

Астана күні аясында елордада қуыршақ театрлары фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күні аясында елордада қуыршақ театрлары фестивалі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Хозе Наварроның қуыршақ театрының "Қайшылардың ғұрыптық биі" атты қойылымы көрсетілді. Аталған туынды Перу халқының дәстүрлі қайшы биінің негізінде жасалған.

Перу қаласы қуыршақ театрының актері Хозе Наварроның айтуынша, фестиваль басқа мемлекеттердің мәдениетімен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. "Мен Астанаға бірінші рет келдім, өте ұнады. Бейбіт, тыныш қала, архитектурасы да қызықты, адамдары да мейірімді", - деді ол.

Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі елордада 2 шілдеге дейін жалғасады. Сахнада Испания, Болгария, Эстония, Румыния, Татарстан, Тәжікстан, Сербия әртістері өнер көрсетеді.

Астаналық қуыршақ тетары директоры Тоғжан Хасанғалиеваның айтуынша, осы Халықаралық фестивальды үш жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. "Зал көрерменге лық толы. Осындай фестивальдар өте пайдалы әрі керек, себебі Қазақстан халқын, әсіресе балаларды өзге халықтардың мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік туады. Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеп, ұлттық мәдениетімізді үйретуіміз керек. Сонымен қатар, басқа халықтардың мәдениетімен таныстырған да дұрыс", - деді ол.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети