29 қазан 2015 14:18

Қарағандылық биші ТНТ телеарнасындағы "Танцы" жобасының финалына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Ким. Сурет жеке мұрағаттан алынған Владислав Ким. Сурет жеке мұрағаттан алынған

Қарағандылық биші Владислав Ким ТНТ телеарнасындағы "Танцы" жобасының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандылық биші Владислав Ким ТНТ телеарнасындағы "Танцы" жобасының финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала кастингтер мен кезеңдерден кейін Владислав атақты биші, продюсер Мигельдің тобына түсті. Екінші турда өнерпаздар бірнеше топқа бөлініп, олар бірнеше сағаттың ішінде би шығаруға міндеттелді. Финалға барлығы 12 қыз бен 12 жігіт өтті.

Владислав Кимнің айтуынша, ол билеуді 14 жасында, белгілі "Шаг вперед-2" фильмін көргеннен кейін бастаған және дәл солар сияқты билеуді үйренгісі келген. "Танцы" жобасына қатысуды ол өзін және дарынын көрсетудің, сонымен қатар, өзге бишілерден үйренудің жақсы мүмкіндігі деп есептейді. "Би мен үшін - ойды білдіру, өмір стилі. Мен онсыз өзімді елестете алмаймын. Қуаныш, ыза, кез келген имоцияны мен биде білдіремін. Бұл психологиялық тұрғыда да, физикалық тұрғыда да жақсы көмектеседі", - деді ол.

Бірінші кастинг

Топтық би

Айта кетейік, "Танцы" шоуына Владислав Кимнен өзге астаналық Мадина Бейсекеева қатысты, ол әділ қазылар алқасының барлық мүшесіне бірден ұнады. Алайда екінші кезеңнен кейін ол финалға өте алмады. Қазір Мадина АҚШ-та ағылшындардың атақты хореографтарымен дайындалып жатыр. Оның ендігі арманы Американың белгілі So You Think You Can Dance шоуына қатысу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети