22 қыркүйек 2014 13:24

Кейбір театр басшылары өз әйелдерін сүйемелдейді - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстанбек Мұхамедиұлы. ©Тұрар Қазанғапов Арыстанбек Мұхамедиұлы. ©Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазіргі уақытта театрларда айтарлықтай кемшіліктер бар: директор мен көркемдік жетекші қызметін бір адам атқарады. Сонымен бірге, кейбір қазақстандық театр басшылары басты рольдерді өз әйелдеріне береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Республикамызда, өкінішке қарай, театр директоры мен көркемдік жетекші қызметін бір адам атқарып жүр, бұл - біздің кемшілігіміз. Сіздер түрлі пьесалар қойылатынын білесіздер, бұл жерде әрбір қызметке, әрбір лауазымға сауатты көзқарас қажет. Соның салдарынан кейбір қазақстандық театр басшылары қызмет жағдайын пайдаланып, қойылымдардың басты рольдеріне өз әйелдерін қойып жатады", - деді Мұхамедиұлы Парламент Мәжілісіндегі үкіметтік сағат барысында.

Оның айтуынша, театр - мұқият көзқарасты талап ететін ұйым. Қазіргі уақытта аймақтық тоғыз театрда бас режиссер жоқ, бірақ бас режиссер қызметін кәсіби білімі жоқ адамдардың атқаруы сияқты деректер бар. 

"Директор өз міндетін, көркемдік жетекші өз міндетін бөлек атқаруы тиіс", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети