07 тамыз 2014 17:29

Қуғын-сүргін құрбандары ескерткішін қала сыртына орнатуды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматы тұрғындары саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арнап тұрғызылатын ескерткіштің қала сыртында болғанын қалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындары саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арнап тұрғызылатын ескерткіштің қала сыртында болғанын қалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіштің іргетасы бірнеше жыл бұрын Наурызбай батыр және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы шағын саябаққа қаланған болатын. Осы маңның тұрғындары қала әкімдігіне хабарласып, іргетасты орнынан алып, ескерткішті қала сыртына орнатуды сұрап отыр.

"Саябақтың ортасына саяси репрессия және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш іргетасының қаланғанына бірнеше жыл болды. Біз зұлмат жылдарды естен шығармау керектігін түсінеміз, біз жастарды дұрыс тәрбиелеуіміз керек, тарихымыз қандай болса да, оны келер ұрпақ білуі тиіс. Бірақ біздің саябақ, біз оны өзіміздікі деп есептейміз, ол сондай жайлы, мұнда осы маңының тұрғындары демалады. Біз әлгі ескерткішті дәл осы саябаққа салудың қандай қажеттілігі бар деп ойлаймыз. Жаңалық елді мекенінде жақсы ескерткіш бар емес пе? Біз қайғылы күндерге арналған мұндай ескерткіштерді қала ішіне орнатудың қажеті жоқ деп есептейміз", - дейді әкімдікке шағымданған тұрғындар.

Алматы әкімдігі өз кезегінде қала тұрғындары арасында жүргізілетін сауалнама бойынша ұжымдық кеңес өткеннен кейін ғана тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.

Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш 2012 жылы Астанада тұрғызылған болатын. Көркем композиция - Астананың ескі бөлігіндегі Республика және Абай даңғылдарының қиылысында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети