10 қыркүйек 2015 09:57

Тывалық ''Хуун-Хуур-Ту'' тобы ''Той Қазан'' фестиваліне қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хуун-Хуур-Ту" тобының музыканттары өнер көрсету үстінде. © РИА Новости "Хуун-Хуур-Ту" тобының музыканттары өнер көрсету үстінде. © РИА Новости

Қазақстанның ұлттық асханасына арналған "Той Қазан" фестиваліне тывалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ұлттық асханасына арналған "Той Қазан" фестиваліне тывалық "Хуун-Хуур-Ту" тобы қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Той Қазан" үшінші фестивалін ұйымдастырушылар мен Tengri FM радиостанциясы Радик Тюлюш пен оның тобын шарада өнер көрсету үшін шақырды. Tengri FM радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, этникалық ұжым бір жарым сағаттық ерекше бағдарламаны дайындап жатыр, оның ішінде тек белгілі композициялар емес, атақты музыканттардың жаңа туындылары да бар.

"Хуун-Хуур-Ту" қай жерде жұмыс істемесе де, ethnoworld жанрындағы бірде-бір концерттік алаң болған жоқ. Музыка жағынан бұл өте мықты және күшті топ, төрт дауысқа төселген тамақпен ән салу дарыны кез келгенге берілмейді. Оны тек тыңдап көру керек", - деді ол.


"Хуун-Хуур-Ту" - музыкалық тобы, дәстүрлі музыканы орындайды. Топ қолданатын аспаптар: игиле, хомус, дошпулуур, тунгур (бақсы сылдырмағы) және тағы да басқа.

Қастеевтің айтуынша, бұл топ алда болатын мерекенің форматына сай келеді. "Музыканттар ашық аспан астында өнер көрсетеді, олардың музыкасы ғажап атмосфералы және ол шара қонақтарын одан әрі әсерлендіре түседі, таулар мен көркем табиғат аясында осындай нағыз шығармашылықтан ләззат алуға болады", - деді радиостанцияның бас продюсері.

Айта кетейік, тывалықтармен бірге қазақстандық ди-джей Нариман Исенов өнер көрсетеді. "Этникалық және электрондық музыканың синтезі болады, ал бұл біздің шара көрсетіп беріп отырғандай - нағыз сиқырлық", - деді Қастеев.


Олардың музыкасындағы ерекшеліктердің бірі стильдің кең жиынтығы мен тывалық тамақпен ән салу өнері.


Топ мүшесі Радик Тюлюш 2014 жылдан бері заманауи этникалық музыканың халықаралық фестивалі - The Spirit Of Tengri-ге қатысып жүр.

Сонымен қатар, фестивальде "Хуун-Хуур-Ту" тобынан бөлек отандық эстрада жұлдыздары да қатысады, олардың қатарында Нұрлан Абдуллин, Асылбек Еңсепов, Urker тобы мен Әли Оқапов бар.

"Бағдарлама барынша қызықты болады деп сөз берілді. Бұл өте сирек болатын фестиваль, ол адамдар үшін жасалған, қатысушылар өздерін үйдегідей сезініп, мерекенің атмосферасына толықтай енетін болады!", - деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқының ұлттық тағамдары мен дәстүріне арналған екінші "Той қазан" фестивалі 19 қыркүйекте Алматыда Талғар ауданындағы "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде ұлттық Tengri FM радиостанциясының қолдауымен өткізіледі. Фестиваль сағат 11.00-де басталады.

Биыл фестиваль Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Осыған орай "Жарасым" РЖҰ түрлі мастер-класс, қойылымдар, сонымен қатар, Баходир Джалметовтің жетекшілігімен қазақстандық каскадерлер аттың үстінде жүріп атудан шоу көрсетеді. Алматы әкімдігінің Спорт басқармасы аттың үстінде басқа да шоулар қояды. Сонымен қатар, "Алатау" кешенінің асфальтті жағында белгілі Василий Тарабаньконың жетекшілігімен автокаскадерлердің шоуы болады. 

Анықтама телефоны: +7 747 649 68 40. Билет құны: 3 000 тенге, үш жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы, сонымен қатар Алматыдағы Red Dragon мейрамханасынан сатып алуға болады. Телефон: 2734788, +77019912709, Korean Houseул дәмханасы: +77024606020, Pizza Bravo мейрамханасы: +7 727 259 70 74, +7 727 259 70 75, El Plato дәмханасы, телефон: +7 7774035533.

Шара Алматы облыстық әкімдігінің қолдауымен өтеді, фестивальдің демеушісі - "Беккер и К".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети