22 желтоқсан 2014 17:00

Назарбаев Порошенкоға украин дағдарысын бірлесіп шешуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың кездесуі. ©Украина президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың кездесуі. ©Украина президентінің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкоға елдегі дағдарысты шешудің жолдарын бірлесіп ойластыруды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мұндай мәлімдемені ол Киевтегі жұмыс сапары барысында жасады.


Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкоға елдегі дағдарысты шешудің жолдарын бірлесіп ойластыруды ұсынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Мұндай мәлімдемені ол Киевтегі жұмыс сапары барысында жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл елдегі қазіргі ахуал ешқандай тарапқа да пайда әкелмейтінін айтты. "Біздің барлық елмен тату қарым-қатынаста екенімізді ескере отырып, біз Сізбен бірге бұл мәселемен шұғылдана аламыз. Біз белгілі бір шешімге келіп, адамдардың қаза болуын тоқтатуға септігін тигізетін шараларды қолдануға бағытталған іс-әрекетімізді үйлестіре аламыз деп үміттенемін", - деді Қазақстан Президенті. 

Порошенко екі мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, басқа да шешуші салалардағы өзара әрекеттесуінің әлеуетін белсенді қолдану қажеттігін атап өтті. "Біздің елдеріміздің арасындағы кедергілерді жоюға көмектесетін үкіметаралық комиссияның жұмысын іске қосу керек. Сізге Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдаудағы берік әрі жүйелі ұстанымыңыз үшін жеке алғыс айтқым келеді. Бізде Минскіде қысқаша әңгімелесуге мүмкіндік болды, жасалған мәлімдемелер, уағдаластықтар қадағаланып отыр, Украина мұны өте жоғары бағалайды", - деді Украина президенті. 

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Порошенконы Жоғарғы Рада сайлауын өткізуімен және үкіметті қалыптастыруымен құттықтады. "Сізді қиындықтарға қарамастан, Рада сайлауын өткізе алғаныңызбен және үкіметті қалыптастырғаныңызбен құттықтаймын. Бұл - Сіздің президент ретіндегі алғашқы жеңісіңіз. Минск келісімдерінің жасалуы - Сіздің еңбегіңіз", - деді ол. Назарбаев екі ел арасындағы бұрын төрт миллиард доллар болып, кейін үштен бірге құлдыраған тауар айналымының қалыпқа келетініне үміт білдірді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 22 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланғаны хабарланған болатын. Сапар барысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізілетіні айтылды.

Кеше, 21 желтоқсан күні елдің жетекші телеарналарының журналистерімен кездескен кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы ахуалды шешуде тәуелсіз делдал болуға дайын екенін мәлімдеген еді. "Бәріміздің міндетіміз соғысты тоқтату деп есептеймін. Украинаның өзінің тәуелсіздігін нығайту керек. Бүгінде Ресей басшылары айтқандай, Украина аумағының тұтастығын мойындап, келіссөздерге келу қажет. Мен айналысып жатқан және Еуропа, Ресей, Украина жетекшілерімен әңгімелесе отырып, бәрінің көзін жеткізгім келетін міндет - Қазақстаның Ресейге де, Украинаға да бірдей қарайтынын айту, бізде жанжалды көздейтін ешқандай мүдде жоқ, мен мұнда ешқандай тарапты қолдамайтын, бейтарап, қандай да бір үлес қоса алатын "әділ менеджермін", - деген болатын Назарбаев. 

Бұдан соң 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Мәскеуге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына барады. Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы да болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети