26 тамыз 2014 16:05

Украинада Жоғары Рада сайлауы 28 тамызда басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы Жоғары Рада ғимараты ©REUTERS Украинадағы Жоғары Рада ғимараты ©REUTERS

Украинада Жоғары Раданың кезектен тыс сайлау науқаны 28 тамызда басталады. - деп хабарлайды MIGnews.com.ua порталы. Бұл күні сайлау науқаны заңды түрде іске қосылады. Еске сала кетелік, Жоғары Рада мерзімінен бұрын таратылған болатын.


Украинада Жоғары Раданың кезектен тыс сайлау науқаны 28 тамызда басталады. - деп хабарлайды MIGnews.com.ua порталы. Бұл күні сайлау науқаны заңды түрде іске қосылады. Еске сала кетелік, Жоғары Рада мерзімінен бұрын таратылған болатын.

Украина президенті Петр Порошенконың Раданы тарату туралы бұйрығы ресми түрде баспасөзде 27 тамызда жарияланады деп күтіліп отыр. Бұл Украина халық депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық шараларын ұйымдастыру жобасын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясындағылар мәлімдеді. Аталған жобаға сәйкес, Жоғары Радаға партия атынан түсушілер мен өз-өзін ұсынушы үміткерлерді ұсыну 28 тамызда басталып, 25 қыркүйекте аяқталуы тиіс.

Алдында президенттің баспасөз хатшысы Святослав Цеголко "парламентті тарату себебін қазіргі Жоғары Рада құрамы жарты жыл бойына Януковичтің тірегі боп келгендігімен, олар бірігіп жүздеген адамның өмірін жалмаған диктаторлық заң қабылдағанымен түсіндірген. Сөйтіп, бұл үшін олар қылмыстық және саяси жазасын алуы тиіс деп мәлімделген. Сондай-ақ баспасөз хатшысы депутаттардың ДХР мен ЛХР-ді лаңекстік ұйым деп тану жөнінде дауыс беруде осалдық танытуларын қатты сынға алды. Сондай-ақ Цегалко қазіргі құрамдағы Жоғары Рада қыркүйекте Еуропалық одақпен Қауымдастықтар туралы келісімді ратификациялауы тиістігін баса атап өткен.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети