07 қараша 2014 21:50

Украинадағы ұшақ апаты болған жерден адамның сүйектері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинадағы ұшақ апаты болған жерден адамның сүйектері табылды. Бұл туралы өзін-өзі жария еткен Донецк халықтық республикасының Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Элла Журанская мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ұшақ қалдықтарын жинау жұмыстары тоқтатылды.

Журанскаяның айтуынша, нидерланд сарапшылары адамның сүйектерін малайзиялық Boeing ұшағын қарап жатқанда тапты. "Біз олардың Харьковтағы шақыртуына көмектестік", - деді ол. Сарапшылар жұмысты Украинада Boeing апаты болған жерде 9 қарашада жалғастырады. Элла Журанская ДХР көлік министрлігінің голланд сарапшыларына ұшақ қалдықтарын жинау мен оларды теміржол вагондарымен алып кетуге мүмкіндік жасап отырғанын растады.

Еске сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бет алған Boeing 777 жолаушылар ұшағы 17 шілде күні Донецк облысында апатқа ұшыраған еді. Оның бортында 298 адам болған, олардың ешқайсысы аман қалған жоқ. Апаттың себебі әлі анықталмады. Қазан айының соңында голланд прокуроры Фред Вестербеке апаттың екі басым нұсқаcына тоқтап отырғанын мәлімдеді: "жер-әуе" зымыранының атқылауы немесе басқа ұшақпен атқылауы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети