2015 жылы қазақстандықтардың Интернеттегі шығыны қалай өзгерді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© techspot.com © techspot.com

"Яндекс" өкілдері өз зерттеулерінде 2015 жылы қазақстандықтардың Интернеттегі шығынының қалай өзгергенін анықтауға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Яндекс" өкілдері өз зерттеулерінде 2015 жылы қазақстандықтардың Интернеттегі шығынының қалай өзгергенін анықтауға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорытындысында мамандар қолданушылардың шетел интернет-дүкендерінде компьютер ойындарына көп қаражат жұмсай бастағанын, ал кино мен театрға билетті аз сатып алатынын анықтаған. Мәселен, өткен жылы қазақстандық қолданушылар жалпы алғанда онлайн-саудада 2014 жылғы қаражатқа қарағанда 38 пайызға көп жұмсаған. 

"Орташа төлем бір жарым есеге жуық көбейген - 724 рубльге дейін (21 қаңтардағы бағам бойынша 3,5 мың теңге). Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындары белсенді болған: өткен жылы олар өзге өңірдегілерге қарағанда көп қаражатын жұмсапты. Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай көп қаражат жұмсаған", - деп түсіндірді зерттеушілер.

Мұнымен қатар, Қазақстанда ең танымал төлем категорияларының бірі - онлайн-ойындар. Өткен жылы қолданушылар осы салада 2014 жылға қарағанда 25 пайызға көп ақша төлепті. 

Зерттеуде 2014 жылмен салыстырғанда елімізде кітап сатып алатын қолданушылардың 11 пайызға көбейгені айтылады. Алайда кітап сатып алуға деген төлем 16 пайызға қысқарған, 543 рубльге дейін (2,6 мың теңге). Жалпы алғанда өткен жылы ойын-сауық шараларына кеткен онлайн-шығындар 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайызға аз болыпты. 

Алайда қолданушылар саяхаттауда үнемдемеген. Мәселен, 2015 жылы әуе билеттеріне деген шығын 2014 жылға қарағанда 25 пайызға көбейген. Сонымен бірге, Қазақстан тұрғындарының көп жағдайда қайырымдылыққа және краудфандинг жобаларына жұмсайтыны белгілі болды. 2015 жылы осы салаға 2,5 есе көп қаражат жұмсалыпты. Айта кетейік, зерттеуде қазақстандықтардың Ресейдің және Қытайдың интернет-дүкенінде белсенді бола бастағаны айтылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro