Forbes ең бай қазақстандықтарды атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Америкалық Forbes журналы әлем миллиардерлерінің жыл сайынғы рейтингін жария етті, оның ішінде қазақстандық бөлігінде Қазақстан теннис федерациясының басшысы және Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов көш бастады. Рейтингте бес қазақстандық бар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Forbes журналы әлем миллиардерлерінің жыл сайынғы рейтингін жария етті, оның ішінде қазақстандық бөлігінде Қазақстан теннис федерациясының басшысы және Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов көш бастады. Рейтингте бес қазақстандық бар.

Өтемұратовтың байлығы бір жыл ішінде 300 миллион долларға азайып, 2,3 миллиард долларды құрады. 2015 жылы бизнесменнің байлығы 2,6 миллиард долларға, ал 2014 жылы 2,2 миллиард долларға бағаланған болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 771-орында тұр.

Екінші орынға Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева орналасқан. Олардың әрқайсысының байлығы 2 миллиард долларға бағаланып, жалпы тізімде 906-орында тұр. 2015 жылы олардың капиталы 2,1 миллиардқа бағаланса, 2014 жылы 1,8 миллиард долларға бағаланған еді. 

Қазақстанның ең бай адамдарының үшінші позициясына ірі ENRC компаниясының иелесі, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Әлиджан Ибрагимов пен "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким орналасты (жалпы тізімде 1198-орын). Әрқайсысының байлығы 1,5 миллиард долларға бағаланған.

Айта кетейік, әлемдегі ең бай адам атағын Microsoft компаниясының негізін қалағандардың бірі Билл Гейтс қайтарып алды. Оның байлығын Forbes 75 миллиард долларға бағалады. Екінші орында Inditex компаниясының негізгі иелесі Амансио Ортега (67 миллиард доллар) тұр. Үшінші орынға инвестор Уоррен Баффет көтеріліп отыр (60,8 миллиард доллар).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro