21 тамыз 2015 15:48

KASE күндізгі сессиясы: доллар бағамы - 239,5 теңге

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының күндізгі сессиясы доллар бағамының 239,5 теңге көрсеткішінде аяқталды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, доллар бағамы таңғы сессияда 252,47 теңге болған. Күндізгі сессияның саудасы 11.30-дан 15.30-ға дейін жалғасты. Бірінші келісім 249,6 теңгемен жасалды. Саудаға жалпы валюта нарығының 17 өкілі қатысты. Келісімнің минималды құны - 237, ал максималдысы - 249,6 теңге. Сауда көлемі 11,76 миллиард теңгеден асты. 

Еске сала кетейік, 21 тамыздың таңғы сессиясында доллар бағамы 20 тамыздың таңғы сессиясының бағамынан 2,79 теңгеге аз болды. Сауда көлемі 49,6 миллион доллардан асты, бұл сома кешегіге қарағанда 69,95 миллионға аз. 2015 жылдың 20 тамызының кешкі сессиясы доллар бағамының 252,26 көрсеткішінде аяқталды. Көлемі 21,5 миллион доллар болатын саудаға валюта нарығының 13 адамы қатысты.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети