KASE таңғы сессиясында доллар арзандай түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар арзандай түсті © Тұрар Қазанғапов

Теңгенің долларға қатысты позициясы нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 желтоқсан КASE таңғы сессиясында доллар бағамы 331,59 теңгеге тең болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңгенің долларға қатысты позициясы нығая түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 желтоқсан КASE таңғы сессиясында доллар бағамы 331,59 теңгеге тең болды.

Таңғы сауда 335,10 теңгемен басталды. Ал ең жоғары баға 337,5 теңге болса, ең төменгісі 327 теңгемен тіркелді. Сауданың жалпы көлемі 177,6 миллион долларға жетіп, саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Еске сала кетейік, кеше KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша доллар 332,67 теңгеге тең болды. 2015 жылдың 22 желтоқсанында сағат 11.00 мен 12.00 аралығында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өткен еді. Жиын басталғанша доллар 336,66 теңгеге дейін арзандаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети