27 қаңтар 2015 17:57

Астанада салық заңдылығын сақтамаған 42 әртіс жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm-club.info ©nnm-club.info

2014 жылы Астанада демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру қызметін көрсететін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 42 әртіс салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2014 жылы Астанада демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыру қызметін көрсететін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 42 әртіс салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астанада салық төлеуден жалтарғаны үшін қандай әртістер жауапкершілікке тартылды?" деген сауалға департамент өкілдері "Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдары 2014 жылы салық есебі формаларын дер кезінде ұсынбау, патент алуда есепті жария етпеу, салық органдарының талабын орындамау, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды уақытында жолдамау сияқты салық саласының түрлі заңбұзушылықтары үшін 42 салық төлеушіні жауапкершілікке тартты", - деген жауап қайтарды. 

Мамандардың мәліметінше, бұл 42 салық төлеуші - демалыс пен ойын-сауық ұйымдастыруды және басқа да қызметтерді ұсынатын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамдар. Астанада осы қызмет түрі бойынша барлығы 399 салық төлеуші тіркелген. 2014 жылы олардан бюджетке 43,1 миллион теңге салық түсті, яғни бір әртіске орташа есеппен 107,9 мың теңгеден келді. "Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші әртістердің салық есебі формаларын ұсынуына, салық есептерінің толықтығына және бюджетке салық төлеуіне тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкерлердің жылдық жиынтық табысының салық салынбайтын мөлшері қандай болатынын еске салды. ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің 157-бабына сәйкес, ол күнтiзбелiк жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерiне тең. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы мөлшері - 21 364 теңге. 

Департамент өкілдерінің мәліметіне қарағанда, әртістер арасында ешкім салықтан жалтарып қала алмайды. "Астананың мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілер мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді және басқа да құжаттарға талдау жүргізеді. Соның нәтижесінде қауіптерді басқару жүйесіне сәйкес салық тексеруін жүргізуге салық төлеушілер іріктеледі", - деп хабарлайды мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін салық органдарының отандық шоу-бизнес өкілдерінің жылдық табысын бақылауды күшейтетіні хабарланған еді. Жылдық табысы 250 мың теңгеден асатын әртістер жеке кәсіпорнын тіркеп, бюджетке тиісті салығын төлеуі керек. Бірақ өнер иелерінің көбі заңның бұл талабын ескере бермейді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети