03 ақпан 2015 19:15

Айырбастау пункттері валюта сатудан бас тартқаны туралы анықтама беруі тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Доллар мен еуроны сатудан бас тартқан Қазақстанның айырбастау пункттері валютаның жоқтығы туралы анықтама беруі тиіс. Қолма-қол ақшаны айырбастау операцияларының ережелеріне қатысты осындай шара қаралды. Бұл туралы мәліметті Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Доллар мен еуроны сатудан бас тартқан Қазақстанның айырбастау пункттері валютаның жоқтығы туралы анықтама беруі тиіс. Қолма-қол ақшаны айырбастау операцияларының ережелеріне қатысты осындай шара қаралды. Бұл туралы мәліметті Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ережелерге сәйкес, егер валютаны сату мен сатып алудың бағамы көрсетілген айырбастау пунктінде жеке тұлғаға ұлттық валютаның немесе шетелдік валютаның болмауына байланысты ақша айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылса, жеке тұлға ақша айырбастау пунктінде жоқ валютаның сомасы мен түрі көрсетілген, берілген күні мен уақыты жазылған анықтаманы кассирден талап етуге құқығы бар. Анықтамаға кассирдің қолы қойылып, ақша айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның (филиалдарда да) бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес тіркеледі. Егер бұл істелмесе, заң бұзушылық болып есептеледі", - деп түсіндірді қаржы реттеуші банктің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Алайда бұл шара барлық жерде қолданылмайды. Tengrinews.kz тілшісі бірнеше айырбастау пункті бар аймақ - Алматының әуежайына барып қайтты. Facebook әлеуметтік желісінде шетелдік валютаның жоқтығын айтып шағымданғандар болды. Расында да бес ақша айырбастау пунктінің үшеуінде доллар болмай шықты, ал еуро шектеулі мөлшерде ғана болды. Ал тәртіпке сай валютаның жоқтығын растайтын анықтама беру туралы өтінішімізге кассир таңданыс білдірді. 

"Алматының әуежайында бірде-бір айырбас пункті долларды да, еуроны да, рубльді де сатпайды. Тек сатып алады. "Ал онда неге сіздер сатып алумен бірге сатудың бағасын көрсетіп, адамдарды алдайсыздар?" деген сұраққа: "Мүмкін қазір біреу долларын сататын шығар, біз бірден сатып алып, сатамыз" деп жауап берді", - деп жазды Facebook желісін қолданушылардың бірі. Айта кетейік, Алматы әуежайындағы айырбастау пункттері 3 ақпан күні таблода көрсетілген бағам бойынша: долларды 183 теңгемен сатып алып, 185 теңгеге сатып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети