06 қазан 2014 12:26

Азаматтар банк картасымен төлем жасауда жеке куәліктің талап етілуіне наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда супермаркерттері мен дүкендерінде банк картасы қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың еркін құралы болмай отыр, сатып алушылардан көбіне жеке куәлік талап етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда супермаркерттері мен дүкендерінде банк картасы қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың еркін құралы болмай отыр, сатып алушылардан көбіне жеке куәлік талап етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге, қарапайым азаматтарға мұндай жағдаймен қалай күресуге болады, біз үнемі өзімізбен бірге жеке куәлік алып жүре бермейміз ғой. Ал саудагерлер банктің төлем карталарын қабылдауға міндетті", -деп жазады Facebook қолданушысы Александр Васильев.

Тұтынушылардың ұлттық лигасының басшысы Светлана Романовскаяның айтуынша, супермаркеттерде қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде жеке куәліктің талап етілуіне әзірше бірде-бір адам шағымдана қойған жоқ. "Екіұшты жағдай. Ол қауіпсіздік мақсатында жасалады. Шетелде де банк картасымен төлем жасау кезінде төлқұжат талап етеді. Дүкенде егер картаның келесі бетінде қожайынның қолы қойылмаған болса немесе терминал пин-код енгізуді талап етпесе, сатып алушыдан құжатты көрсетуді сұрауы мүмкін", - дейді Романовская.

Ал адвокат Михаил Кленчиннің айтуынша, Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының "Төлем карточкаларын шығару мен қолдану жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысында жеке куәлікті көрсету міндеттілігі туралы бірде-бір сөз жазылмаған. 

"Аталған қаулыда былай деп жазылған: "Авторизация - эмитенттің банктің төлем карточкасын қолданып, төлем жасауына рұқсат беру. Авторизацияны алуды рәсімдеу төлем карточкалары жүйесі қатысушылары арасында жасалған келісімге сәйкес белгіленеді. Ол заңда жеке куәлік ұсыну қарастырылмағанын, бірақ ішкі келісімдерде басқа да жайттар белгіленуі мүмкін екенін көрсетеді", - деді Кленчин.

Бұған дейін Қазақстанда ұялы телефондардың көмегімен қатынассыз төлем жасау жүйесі іске қосылғаны хабарланған болатын. Бұл жүйе әзірше MasterCard төлем сервисінде ғана бар. Келешекте бұл жүйе Visa банк картасына енгізілетін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети