21 маусым 2014 16:04

Базбір кәсіпкерлер үшін POS-терминал орнату мерзімі кейінге шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Базбір кәсіпкерлер үшін POS-терминал орнату мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлік палатасына сілтеме жасаған "Наша газета" ақпарат құралы хабарлады" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.


"Базбір кәсіпкерлер үшін POS-терминал орнату мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы Қостанай облысының кәсіпкерлік палатасына сілтеме жасаған "Наша газета" ақпарат құралы хабарлады" деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының мәліметінше, олар мұны арнайы салықтық тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкердер үшін жасап отырған көрінеді.

Парталдың мәліметінше, "Ақша төлемi мен аударымы туралы" ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес арнайы тәртіппен жұмыс істейтін Астана, Алматы қалалары мен Облыстық деңгшейдегі қалалардың кәсіпкерлеріне POS-терминал орнату мерзімі 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, өзге қалалар ме ауылдық жерлердегі сондай тәсілмен жұміс істейтін кәсіпкерлер өз еркімен POS-терминал орната беруіне болады.

"Біздің ойымызша, бұл өз уақытында жасалған қадам, өйткені ауылдық кәсіпкерлер бізге бұл қондырғыны міндетті түрде орнату талабын алып тастауды өтініп,  хабарласты" дейді Қостанай облысы кәсіпкерлері палатасы директорының орынбасары Самат Садуақасов. Ал жалпығабірдей тәртіппен салық төлеушілер, кәсібіне қарамастан, міндетті түрде POS-терминал орнатуы тиіс.

Оңайлатылған мағлұмдамамен, шаруа және фермерлік қожалықтар, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпкерлер, балық өнімін өндірушілер және ауылдық тұтынушылар кооперативтері арнай салық тәртібімен патент негізінде жүзеге асырады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети