08 қыркүйек 2015 11:38

Доллар бағамы 245 теңгеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессияның 8 қыркүйек күнгі қорытындысы бойынша, доллар бағамы 245,2 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, шетел валютасының кешегі орташа бағамы 234 теңге деңгейінде болды. Сатудың ең төменгі бағасы - 234,5. Ең жоғарғысы - 245,5. Келісімдердің жалпы көлемі 35,7 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының барлығы 20 мүшесі қатысты. Бұл аптада шетел валютасының құны валюта дәлізінен асып түсті - 239-242 теңге, ол өткен аптада сақталған еді.

Естеріңізде болса, 4 қыркүйекте доллар бағамы 240,96 теңге болған еді, ал таңғы сессия 239,60 теңгені көрсетті. Өткен апта 234,94 теңге бағамымен басталды. Алайда аз уақыттың ішінде баға 238,68 теңгеге дейін көтерілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында. Кейін Ұлттық банк Қазақстанның халықаралық резервтері туралы мәліметті жариялады. Ұлттық банктің мәліметінше, олардың көлемі 2015 жылдың тамызында өскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети