11 желтоқсан 2015 11:32

Доллар бағамы 312 теңгеге жетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 311,92 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы осымен үшінші күн тарихи антирекорд деңгейіне жақындап келеді, ол 312,65 теңге болатын. Валюта бағамы 307 теңгеден бірінші рет 8 желтоқсанда 308,19 теңгеге көтерілді.


KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 311,92 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы осымен үшінші күн тарихи антирекорд деңгейіне жақындап келеді, ол 312,65 теңге болатын. Валюта бағамы 307 теңгеден бірінші рет 8 желтоқсанда 308,19 теңгеге көтерілді.

11 желтоқсан күні таңертең жасалған бірінші келісім 310,8 теңгемен өтті. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға - 312,99 теңге. Сауданың жалпы көлемі 138,2 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 311-314 теңгеге бағаланды.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 310,37 теңгеге тең болды. Шетел валютасы тарихи антирекордқа - 312,65 теңгеге жетуге аз қалды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды. Сонымен қатар, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді. "Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети