Доллар бағамы 340 теңгеден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 340 теңгеден асты © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 341,94 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін 2015 жылдың 15 желтоқсанында күндізгі сессия 332,36 теңгемен жабылған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 341,94 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін 2015 жылдың 15 желтоқсанында күндізгі сессия 332,36 теңгемен жабылған еді.

18 желтоқсанда алғашқы келісім 333,01 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 345,5 теңге. Сауда көлемі 137,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 342-344 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірген еді. Ұлттық банктің сайтында теңгенің айырбастау бағамының негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасатыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети