Доллар бағамы 380 теңгеге жақындап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы 380 теңгеге жақындап қалды © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 379,5 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы сессияда бағам 376,88 теңге болған еді, осылайша шетел валютасы 3 теңгеге қымбаттап отыр.

2016 жылдың 19 қаңтарында таңғы сессиядағы алғашқы келісім 379,6 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға 378,5 теңге болса, жоғарысы 380,5 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 124,25 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 377-380 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске сала кетейік, доллар кеше, 18 қаңтардан бері күрт қымбаттап жатыр. Осы аптаның алғашқы сессиясы 372,58 теңгемен қорытындыланса, түстен кейін бағам 376,88 теңгеге дейін өсті. Шетел валютасының қымбаттауына АҚШ-тың Ираннан санкцияларды алуы себеп болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети