Доллар бағамы жаңа тарихи антирекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы жаңа тарихи антирекорд орнатты © Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 322,47 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта бағамы 2015 жылы 11 желтоқсанында орнаған тарихи антирекорд - 313,99 теңгеден асып түсті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 322,47 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Валюта бағамы 2015 жылы 11 желтоқсанында орнаған тарихи антирекорд - 313,99 теңгеден асып түсті.

14 желтоқсанда таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 315,1 теңгемен өтті. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға - 329,67 теңге. Сауданың жалпы көлемі 166,1 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 325-330 теңгеаралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді. "Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", - деді Ақышев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети