30 желтоқсан 2014 13:13

Доллардың теңгеге қатысты бағамы бойынша болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жаңа жыл қарсаңында доллар мен өзге де валютаның теңгеге қатысты бағамына шектеледі. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының сарапшысы Анна Бодрова хабарлады. Оның айтуынша, осы аптада доллар 182,10-182,60 теңге, еуро 222,50 теңге және рубль 3,40-3,60 теңге болады. 

Бодрованың айтуынша, 2014 жылы теңгенің құны рубльге қарағанда жақсы сақталды. "Жыл соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Алайда ақпан айындағы теңгенің құнсыздануы жағымсыз тосын жай болды, дегенмен теңге өз құнын әсіресе гривнамен және рубльмен салыстырғанда жақсы сақтап қалды. 2014 жылғы девальвация есебінен теңгенің долларға шаққандағы құны 18,40 пайызға төмендеді, бұл көрші елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Сондықтан Қазақстанның қаржы билігі құрметке лайықты балама істі қолға алды: уақытылы қолданылған бір жолғы акция нәтижесінде ұлттық валютаға аз ғана шығын келді, Ресейдің тартыншақ, үнемі қажетті шешімді кешігіп қабылдайтын Орталық банкі Қазақстанның Ұлттық банкінен үлгі алуы тиіс", - деді сарапшы.  

Бодрованың айтуынша, қазір доллардың бағамы ақырын көтеріліп келеді. Өткен аптада бағам 0,16 пайызға артып, доллар 182,35 теңге болды. Бірақ апта бойы мұнайдың бағасы төмендей берді. Brent маркалы мұнайдың бағасы 29 желтоқсан күні таңертең 59,65 доллар болды. "Шикізат бағасы валюта нарығына қысым көрсетіп отыр", - деді сарапшы.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети