30 наурыз 2015 15:21

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы осы аптада аздап көтеріледі - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы осы аптада ақырындап жоғарылай береді. Мұндай болжаммен Tengrinews.kz тілшісімен "Альпари" компаниясының аналитигі Анна Бодрова бөлісті. 


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы осы аптада ақырындап жоғарылай береді. Мұндай болжаммен Tengrinews.kz тілшісімен "Альпари" компаниясының аналитигі Анна Бодрова бөлісті. 

"Валюта нарығында тағы бір әдеттегідей апта күтіліп отыр. Доллардың бағамы 185-50-185,95 теңге көлемінде болады. Бірыңғай валюта қысымға түсті, еуро - 196 теңгеге тең, ал рубль 3,05-3,45 сауда арнасында қалады", - деді аналитик.

Бодрованың айтуынша, өткен аптада доллардың бағамы 0,08 пайызға артты. Оның сөзіне қарағанда, аптаның соңында доллардың бағамы 185,65, ал еуроныкі 196,61 теңге көлемінде болды. Сонымен қатар, аналитик өткен аптада Йеменде басталған әскери шаралардан кейін мұнай бағасының да едәуір жоғарылағанын айтты. Алайда Бодрованың айтуынша, 27 наурыз күні кешкі уақытта шикізат котировкасы апта бойында жоғарылаған көрсеткішін жоғалтты. Осылайша, мұнайдың бағасы өзінің үйреншікті шеңберіне қайтып оралды және 30 наурыз күні таңертең Brent маркалы мұнайдың әр барралінің бағасы 55,87доллар болды.

"Қазақстан экономикасындағы ахуал тұрақты: билік жағдайды бақылап, ҚР Ұлттық банкі қолының тамырын басып отыр, халық тыныш. Маңызды жаңалықтың болмауы - жақсы жаңалық", - деді аналитик. Айта кетейік, жаңалық жазылып жатқан кезде Қазақстан биржа қорындағы (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185,65-ке тең болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети