09 қыркүйек 2016 12:03

Ең қымбат оқулықтар Астана мен Ақтөбеде

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Оқулықтар мен анықтамалықтардың ең жоғары бағасы Астана мен Ақтөбеде тіркелді. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары айтып отыр.


Оқулықтар мен анықтамалықтардың ең жоғары бағасы Астана мен Ақтөбеде тіркелді. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары айтып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, тамыз айында оқу-анықтамалық әдебиеттердің орта бағасы 1 108 теңге болды. Сонымен қатар олар бір жыл ішінде оқулықтардың бағасы 20,2 пайызға өскенін айтып өтті. "Ең қымбат оқулықтар Астана (1 471 теңге, плюс 21,5 пайыз) мен Ақтөбеде (1 417 теңге, плюс 24,3 пайыз) тіркелді. Ал ең арзан деген оқулықтар Қарағандыда (803 теңге, плюс 3,6 пайыз)", - деді мамандар. Сондай-ақ, сарапшылар Оралда да бір жыл ішінде оқулықтардың бағасы 52,6 пайызға, 1 233 теңгеге дейін өскенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат екенін айтқан болатынбыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети