04 шілде 2015 10:14

Қазақстан қор биржасы басқармасының жаңа төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есжан Біртанов Есжан Біртанов

Қазақстан қор биржасы басқармасының (KASE) жаңа төрағасы болып үш жыл өкілеттілік мерзімге Есжан Біртанов сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан қор биржасы басқармасының (KASE) жаңа төрағасы болып үш жыл өкілеттілік мерзімге Есжан Біртанов сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE басқармасының төрағасы Мақсат Қабашевтың өкілеттігі өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп жазылған KASE баспасөз қызметі хабарламасында.

Есжан Біртанов 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жетекші дилер, бас дилер, басқарма бастығының орынбасары, Монетарлық операциялар департаментінде дилингілік операциялар басқармасының бастығы, Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылы Есжан Біртановтың тікелей қатысуымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ құрылып, оған 2014 жылдың наурыз айына дейін басшылық етті. 2014 жылдан бастап, Е.А.Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасының кеңесшісі, сондай-ақ Ұлттық банктің Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

Еске сала кетейік, Мақсат Қабашев KASE төрағасы қызметіне биржалық кеңестің шешімімен 2014 жылдың 5 наурызында тағайындалған болатын. Оның алдында бұл қызметте Азамат Жолдасбеков болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети