04 желтоқсан 2019 17:46

Қазақстанға инвестиция қай елдерден жиі тартылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Kazakh Invest Ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі кезде Kazakh Invest қолдауымен жалпы көлемі 55 миллиард долларға жуықты құрайтын 228 инвестициялық жоба агроөнеркәсіп, машинажасау, тау-кен металлургиясы, мұнайгаз химиясы, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және құрылыс индустриясы салаларында пысықталып, іске асырылуда. Топ инвестор елдердің қатарына Еуропалық Одақ мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түркия, Сингапур мен Қытай кіреді", - делінген хабарламада. 

Биыл 11 айда 454 миллион долларлық 8 жоба іске асырылды, 487 миллион долларлық 10 жоба бойынша пайдалануға беру жоспарланған, көлемі 3,4 миллиард доллар болатын 21 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 

Отырыста жаңа редакциясындағы штаттар саны мен ұйымдастыру құрылымы, ішкі аудит қызметінің есебі, директорлар кеңесінің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети