Қазақстанның сыртқы қарызы 152,7 миллиард теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның сыртқы қарызы 152,7 миллиард теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Ал 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сыртқы қарыз 12,3 миллиард болған екен.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ирғалиевтің айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, бұл параметрлер қауіпсіз деңгейге жатады.
"Бюджеттік саясат тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздың (сыртқы және ішкі) арақатынасы ЖІӨ-нің 60 пайызынан аспауы керек (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша - 39,8 пайыз). Үкіметтің сыртқы қарызы мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызының көлемі Ұлттық қордың валюта активтерінің жалпы сомасынан аспауы керек (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша - 50,9 пайыз)", - дейді ведомство өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!