09 қыркүйек 2014 18:00

Сарапшылар азаматтардың рубльді көп сатып алу себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Сарапшылар қазақстандықтардың рубльді белсенді түрде сатып алу себептерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін еліміздегі айырбас пункттерінің биыл Ресей валютасын сату жөнінен рекорд орнатқаны хабарланған болатын. Қазақстандықтардың рубльді сатып алуы 40 млрд теңгеге жетті. Маусым айына қарағанда, рубльдің саудасы 33%-ға (10 млрд теңгеге), шілде айымен салыстырғанда, 41%-ға (11,6 млрд теңгеге) өскен. Республика бойынша рубльге деген ең көп сұраныс Батыс Қазақстан облысында тіркелді, мұнда сауданың айлық өсімі 65% болды, яғни 3,5 млрд теңге.

"Альпари" компаниясының талдау департаменті директорының орынбасары Дарья Желаннованың хабарлауынша, қазақстандықтардың рубльді белсенді түрде сатып алу себебі - Қазақстан мен Ресей экономикасының Кеден одағы аясында ықпалдасуы. Сарапшының айтуынша, мұндай үрдіс 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басына дейін жалғасады. "Валютаға деген сұраныс елдегі Ресей активтеріне деген сенім мен қызығушылықтың артуына байланысты. Әлемдегі күрделі геосаяси ахуалды ескере отырып, Ресей, Қазақстан мен Беларусь жақын әріптестер болып отыр, сондықтан барлық салада ынтымақтастық арта беретін болады", - деді Желаннова.

Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысы (ИТЗА) Ерлен Бадыханның айтуынша, Батыс Қазақстанда рубльдің көп сатып алынуына өңірдің Ресеймен шекаралас болуы және рубль құнының негізгі валюталарға қарағанда төмендеуі себеп. Сонымен бірге, бұл теңгеге деген сенімнің ақпан айынан бері азайып кетуіне де байланысты.

"ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко да Дарья Желаннова сияқты бұл үрдісті интеграция мәселелерімен байланыстырады. "Қазақстан мен Ресейдің сыртқы тауар айналымы өсіп келеді, екі елде шағын және орта бизнес нысандарының саны көбейіп жатыр. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы шеңберіндегі өзекті жайт - экономикалық одақ ұзақ мерзімді келешегінде есептесуге болатын аймақтық күшке айналуы тиіс", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети