13 мамыр 2014 17:04

Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесінің жаңа жобасымен таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова Фото Тengrinews.kz Тамара Дүйсенова Фото Тengrinews.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін модернизациялаудың концепциясы Үкімет отырысында қаралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін модернизациялаудың концепциясы Үкімет отырысында қаралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қазір зейнетақы жүйесі үш деңгейде жұмыс істеуде. Әр деңгей бойынша өзгеріс енетін болады.

Тамара Дүйсенованың жаңа жүйедегі бірінші компонент - зейнет жасына жеткен барлық азаматтар олардың еңбек өтілі мен жалақысына қарамастан, тең мөлшерде республикалық бюджет қаражатынан мемлекет төлейтін базалық зейнетақы болатынын да атады.

"Жаңа тәсіл базалық зейнетақыны алушының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты бірқатар тағайындауларды ұсынатын болады. Бірінші, азаматтарда жүйеге қатысу өтілі болмаған жағдайда оларға ең төмен күнкөріс көлемінің 50%-ына тең келетін мөлшерде әлеуметтік зейнетақы беріледі. Екіншіден, жүйеге қатысу өтілі 20 жыл болған жағдайда оның базалық зейнетақысының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрамақ. Кейін коэффициент жүйеге қатысқан әрбір жыл үшін арттырылып отырады. Үшіншіден, қатысу өтілі 35 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады", - деді Т.Дүйсенова

Аталған жаңа тәсіл зейнетақы жүйесіне қатысушы үш буынның проблемасын оңтайлы шешуге мүмкіндік беретін көрінеді.

"2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа келетін ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі толық емес азаматтар - адамдардың бұл санатына базалық зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейінгі қатысу өтілі ескеріле отырып есептелетін болады. Зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адамдар - базалық зейнетақы жинақтарына байланысты есептелетін болады. Сондай-ақ, 1998 жылы зейнетке шыққан адамның зейнетақысы 32 мың 182 теңгені құрайды. Оның 22 мың 732 теңгесі борыштық, 10 мың 450 теңгесі базалық болып саналады. Біздің белгілеу бойынша, енді оның 42 жылдық еңбек өтілі болса, оның борышты зейнетақысына 10 мың 450 теңге емес, 20 мың 900 теңге қосылатын болады", - деді ол.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети