26 шілде 2016 16:56

Теңге әлі де әлсіреуі мүмкін - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 26 шілдедегі күндізгі саудасында 7,44 теңгеге әлсіреп, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 351,02 теңгеге тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 15.43-те ICE биржасының мәліметінше, қыркүйектегі фьючерстердің Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 44,52 доллар болды. Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтты.

Жалғасы
Теңге әлсірей түсті

Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. "Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі", - деді Ерлан Ибрагим.

"BRB Invest" ЖШС директоры Ғалым Құсайыновтың пікірінше, теңгенің осылайша әлсіреуіне мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп отыр. Оның айтуынша, мұнай бағасы бір аптадан бері түсіп кетті. Сондықтан ол теңгенің әлсіреуіне қатты әсерін тигізуде. Ал экономист Тимур Әбілқасымовтың айтуынша, ұлттық валютаның әлсіреуіне рубль бағамы мен мұнай бағасының төмендеуі ықпал етіп отыр.

Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети