02 наурыз 2015 16:59

Теңге бағамы әлі де тұрақтылық танытып келеді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж ©Tengrinews.kz Коллаж ©Tengrinews.kz

Теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтылық танытуды жалғастырып келеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға аналитигі Анна Бодрова хабарлады. Оның айтуынша, қазір ұлттық валютаға мұнай бағасы қолдау көрсетіп тұр.


Теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтылық танытуды жалғастырып келеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Альпари" компаниясының аға аналитигі Анна Бодрова хабарлады. Оның айтуынша, қазір ұлттық валютаға мұнай бағасы қолдау көрсетіп тұр.

"Мұнай баррелінің бағасы 60 доллардан асып, тұрақтаған кезде құбылмалылық тоқтап, доллардың бағамы тұрақтанды. Қазір Қазақстан Ұлттық банкінің интервенция көлемі минимал болуы керек", - дейді Бодрова. Аналитиктің айтуынша, өткен аптада доллардың бағамы 185,05 теңгеден өзгерген жоқ, ал еуроның бағамы ақырындап төмендеп, 207,85 теңге болды. Оның айтуынша, Forex нарығындағы еуро/доллар жұбының бәсең трендіне байланысты еуровалютаның арзандағанына біраз уақыт болды.

"Қазір Қазақстанның Ұлттық банкі қазіргі несие-ақша саясатын қанша уақыт ұстанып, теңгені тұрақтандыратыны белгісіз. Мысалы, Әзірбайжанның, Молдованың, Украинаның валютасы соңғы кездері ғаламдық үрдістердің әсерінен едәуір әлсіреді. Бірақ қазір теңгенің бірсәттік девальвациясының болу ықтималдығы азғана", - дейді Бодрова.

Оның болжамынша, теңгенің жаңа аптадағы бағамы өзгеріссіз болады. "Егер шикізат бағасында тосын жайттар болмаса, ерекше өзгерістер күтілмейді. Доллар бағамы 185,00-185,45 теңге валюталық дәлізінде болады, дегенмен 185,05 теңгеге дейін жетуі де ықтимал. Бағамы құлдырап келе жатқан еуроның бұл аптадағы бағамы 205,00-208,00 теңге, ал рубль 2,85-3,35 теңге болады", - дейді ол. Айта кетейік, 2 наурыз күнгі жағдай бойынша, теңгенің бағамы Қазақстан қор биржасында бұрынғы деңгейде тұр. Доллар 185,05 теңгеден сатылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети