30 қаңтар 2017 13:24

Ұлттық банк БЖЗҚ-ның табысы жайлы мәліметті жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 2016 жылы 531 миллиард теңге болғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 2016 жылы 531 миллиард теңге болғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 миллиар теңгеге жеткен. Өткен жыл бойы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша орташа алынған ай сайынғы кіріс 44,3 миллиард теңге деңгейінде болған.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары 2016 жылғы 12 айда зейнетақы активтерінің 848,7 миллиард теңгеге, яғни, 6,7 триллион теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті, 

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 685,3 миллиард теңге болды. "БЖЗҚ" АҚ құрылған сәттен бастап сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға төленген зейнетақы төлемдерінің көлемі 410,6 миллиард теңге болды.

Сонымен қатар, Ғалымжан Пірматов инвестициялық кірісті есептеу күн сайын жүзеге асырылатынын хабарлады. Оның шамасы мынадай қаржы құралдары - облигациялардан, депозиттерден және акциялардан тұратын инвестициялық портфельдің құрылымына байланысты болады. Сондай-ақ, тәуекелдерді төмендету мақсатында зейнетақы активтерінің бір бөлігі шетел валютасында шығарылған бағалы қағаздарға инвестицияланған.

ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында салымшы зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленген кезде инфляцияның деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының (міндетті, міндетті кәсіптік) сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік көзделгенін де еске салды.

Сонымен қатар, жақында БЖЗҚ-ның миллиардтаған шығынға ұшырағанын мойындағаны хабарланған болатын. КТК телеарнасының мәліметінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 9 миллиард теңге шығынға ұшыраған. Қордағылар мұны әдеттегідей теңгенің құнсыздануымен түсіндірген.

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.

Ал 9 қаңтарда БЖЗҚ басшылығы қамауға алынған болатын."Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған", - деген еді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Сондай-ақ, кейінірек БЖЗҚ ісі бойынша қамауға алынғандардың тізімі жарияланған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети