06 ақпан 2017 12:21

Ұлттық экономика министрлігі қолма-қол ақшадан бас тарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір жылдың ішінде қолма-қол ақшасыз есептесудің жалпы көлемі 50 пайызға дейін артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда бір жылдың ішінде қолма-қол ақшасыз есептесудің жалпы көлемі 50 пайызға дейін артқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың желтоқсан айында 13,6 миллион транзакция жүргізілген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға көп екен. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз есептесудің көлемі 59,9 пайызға артып, 191,8 миллиард теңгеге дейін жетті. 

Сондай-ақ, ведомстводағылардың айтуынша, төлем қартасы арқылы жүргізілген транзакциялардың көлемі 1 136,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 26,7 пайызға көп. 

Ал 2017 жылдың 1 ақпанындағы жағдайға сәйкес, еліміздегі 26 банк пен "Қазпошта" төлем картасымен операция жүргізген. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бұл ұйымдар халықаралық жүйедегі төлем карталарын шығарады: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International және UnionPay International. Сондай-ақ, қазақстандық банктер жергілікті жүйедегі төлем карталары арқылы операциялар жүргізген: Altyn Card  - "Ұлттық банк" АҚ және жергілікті Ситибанктің төлем картасы.

Ұлттық экономика министрлігіндегілердің мәліметінше, ҚР "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңына сәйкес, 2016 жылдың 26 шілдесінен бастап заңды тұлғалар арасындағы төлемдердің көлемі айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, төлемдер қол-қолма ақшасыз аударым арқылы жүргізілу керек.

"Бұл шаралар ақша жиынындағы қолма-қол ақшалардың шығынын азайтуға бағытталған. Яғни, қолма-қол ақшасыз есептесу арқылы инвестициялық және тұтынушылық сұранысты арттыруға болады. Бұл өз кезегінде экономикалық өсімді арттыруға ықпал етеді", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов елімізде қолма-қол ақшадан толықтай бас тартуды ұсынған болатын. Экономист бұл ұсынысын халықаралық тәжірибемен байланыстырып отыр. Мысалы, бүгінде Швецияда жүріп жатқан операциялардың шамамен 97 пайызы қолма-қол ақшасыз өтеді. Сондықтан экономист Қазақстанда қолма-қол ақша айналымын алып тастауды ұсынады. Оның айтуынша, қолма-қол ақша қолданылмаса, бюджет шығыны қысқарып, салық толықтай жиналып, жалған кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны азайып, жемқорлықпен күресуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети