05 қыркүйек 2023 11:42

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Қарашөкеев. Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Ербол Қарашөкеев. Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірдің жаңа әкімі Ербол Қарашөкеев болды.


Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірдің жаңа әкімі Ербол Қарашөкеев болды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарашөкеев Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылған болатын. Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып 2021 жылдың күзінде тағайындалып, 2023 жылдың сәуірінде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 4 қыркүйегінде су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети