11 қыркүйек 2023 14:01

ҚТЖ директорлар кеңесінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдар Рысқұлов. Сурет: sknews.kz Айдар Рысқұлов. Сурет: sknews.kz

Айдар Рысқұлов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Айдар Рысқұлов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Айдар Қайратұлы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. Осыдан төрт жыл бұрын ол "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Рысқұлов Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген, сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ, АТФ банкінде, ЦентрКредит банкінде, Халық банкінде, "ҚазАгро "ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеген. Қорда жеті жыл бойы Рысқұлов қаржылық активтерді басқару жөніндегі директор, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети