25 ақпан 2014 10:56

Экстремизмге қатысы бар күдікті Алтайдан Қазақстанға көшіп келмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сержан Сватов. Фотосурет edpress.ru сайтынан алынды Сержан Сватов. Фотосурет edpress.ru сайтынан алынды

Экстремистік әрекеттерге қатысы бар күдікті Сержан Сватов Ресей Федерациясының Алтай аймағынан Қазақстанға көшіп келуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Горный Алтай порталына сілтеме жасап. Имам Сержан Сватов мектеп оқушыларын мұсылмандардың діни-сауықтыру лагеріне апаратындарды ұйымдастырушы ретінде танымал. Жуырда ол жергілікті билік өкілдері, депутаттар мен ауыл-аймақ имамдары жиналған дастархан басында Алтай аймағы аумағында орналасқан Қос-Ағаш ауданы бойынша имам қызметінен кететінін айтқан екен. Сержан Сватовтың сөзіне қарағанда, ол әлі нақты қандай жұмыспен айналысатыны жөнінде шешім қабылдамаған. Алайда Қазақстандағы таныстары оны елдегі діни жоғарғы оқу орындарының біріне қызметке шақырған екен. Оның үстіне оның ұлы Астанадағы Құран хафиздерінің медресесінде оқып жатыр. Болашақта ол Қос-Ағаш ауданындағы исламның таралуы жайында кітап жазуды жоспарлап отыр. Сватов бұған дейін халықаралық "Таблиғи Жамағат" діни ұйымының белді мүшесі ретінде бірнеше рет құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, ол ұйымға жаңа мүшелер тартқаны үшін жауапқа тартылған болатын. Еске саламыз, РФ Жоғарғы сотының шешімімен "Таблиғи Жамағат" экстремистік ұйым деп жарияланып, ел аумағында жұмыс жасауына тыйым салынған. Горный Алтай порталы Сватовтың есімі экстремистер тізіміне енгеннен кейін аудан имамы қызметінен өз еркімен кетіп жатқанын, сот оған қатысты бүгінге дейін айыптау шешімін шығара қоймағанын айтады. Еске саламыз, Сержан Сватовтың ұйытқы болуымен еліміздегі мұсылмандардың діни-сауықтыру лагерлеріне қосағаштық оқушылар келді деген ақпарат тараған бойда Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети