22 сәуір 2014 17:44

Журналист Жириновскийдің үстінен полицияға шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист Стелла Дубовицкая РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Нарышкинмен бірге. ©РИА Новости Журналист Стелла Дубовицкая РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Нарышкинмен бірге. ©РИА Новости

"Россия сегодня" ақпарат агенттігінің журналисі Стелла Дубовицкая полицияға шағымданып, Владимир Жириновскийдің үстінен "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.


"Россия сегодня" ақпарат агенттігінің журналисі Стелла Дубовицкая полицияға шағымданып, Владимир Жириновскийдің үстінен "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Дубовицкаяның сұрағына либерал-демократтар көшбасшысы Владимир Жириновский дөрекі жауап беріп, журналист пен оны жақтаған адамдардың бәрін тілдей бастаған. Бұл оқиғадан кейін аяғы ауыр тілші ауруханаға түскен.

Бұл бап бойынша жоғарғы жаза бес жылға бас бостандығынан айыру екенін айта кету керек, сондай-ақ 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеу немесе басқа да жазалар қарастырылады.

Тілшінің шағымында бұл оқиғадан оған моральдық және физикалық шығын келгені айтылады. Журналист өз арызын Мемлекеттік думаның этика жөніндегі комиссиясына да жолдаған. 

Шағымданушының адвокаты Жириновский Мемлекеттік дума депутаты болғандықтан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сол заң шығарушы органның келісімі қажет екенін айтты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети