12 сәуір 2014 11:40

Қырымның конституциясы заңдық күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресей құрамына енген Қырымның конституциясы заңдық күшіне енді деп хабарлайды РИА Новости.  


Ресей құрамына енген Қырымның конституциясы заңдық күшіне енді деп хабарлайды РИА Новости.  

"Осыған орай 12 сәуір Қырым конституциясының бекітілген күні болып саналмақ" дейді Қырым мемлекеттік кеңесінің бірінші орынбасары Григорий Иоффе.

Айта кету керек, бұл конституцияны Қырым парламенті бірауыздан мақұлдады. Құжат бойынша Қырым республикасы - Ресей құрамындағы "құқықтық және демократиялық мемлекет". Конститутция бойынша Қырымда үш тіл - орыс, украин, және қырым-татар тілдері мемлекеттік болып саналады. Республика басшысы Қырымның жоғары лауазымды өкілі саналады және оны парламент, мемлекеттік кеңес депутаттары бес жыл мерзімге сайлайды. Бір адам бұл қызметке екі мәртеден артық сайлана алмайды.

Жаңа конституцияға сай мемлекеттік кеңестің Қырым аумағында күші жүретін заңдар қабылдауға және Ресей мемлекеттік думасына заң жобасын ұсынуға құқығы бар.

Еске салайық, биылғы жылдың 16 наурызында Қырымның мәртебесін анықтауға қатысты ресейшіл биліктің бастамасымен өткен референдумда дауыс бергендердің 96 пайызы (ресми дерек) Ресейге қосылуды қолдаған. Мұны негізге алып  Ресей Украина аймағы саналатын Қырымды өз құрамына қосып алды.

Украина мен әлем елдерінің көпшілігі Қырымда өткен референдум нәтижесін мойындамады. Дегенмен, бүгіннен бастап Қырым конститутциясы заңдық күшіне енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети