01 ақпан 2015 13:15

Мәскеу тұрғындары қысқы найзағай дыбысынан оянды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу. ©msk.kp.ru Мәскеу. ©msk.kp.ru

Мәскеу аумағында қысқы найзағай ойнап, күн күркіреді, - деп хабарлайды РИА Новости "Фобос" ауа райы орталығының маманына сілтеме жасап. 


Мәскеу аумағында қысқы найзағай ойнап, күн күркіреді, - деп хабарлайды РИА Новости "Фобос" ауа райы орталығының маманына сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Мәскеу үстінде найзағай күркіреді, бұл - сирек болатын бірегей табиғи құбылыс", - деді орталық маманы. Синоптик қысқы найзағайдың өте жылы ауаның Жер бетіндегі суық ауамен араласуынан болғанын түсіндірді. 

Маманның айтуына қарағанда, Ресей астанасы аумағында қысқы найғазай ұзақ жылда бірінші рет байқалып отыр. Ресейдің өзге ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1 ақпан күні таңертең Мәскеу тұрғындары найғазайдың даусынан шошып оянған. 

Еске сала кетейік, мұның алдында 15 қаңтар күні қарлы найзағай Алматыда байқалған еді. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша болжау бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова құбылыстың жергілікті уақыт 09.05-те болғанын айтты. "Қарлы найзағай - өте сирек болатын құбылыс. Мұндай метеожағдайлар процестердің өте жылдам ауысқан кезінде болады, ауа температурасы 10 градусқа төмендейді. Жылы ауа мен суық ауаның қатынасынан электр байланысы болып, найзағайдың күркірі естілді", - деді синоптик. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети